Хакан Фидан Бразилияға барды

Фидан Бразилияда «Үлкен жиырмалық» елдерінің Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысады.

2104602
Хакан Фидан Бразилияға барды

ТР Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 21-22 ақпан күндері Бразилияда өтетін «Үлкен жиырмалық» елдерінің Сыртқы істер министрлері жиналысында Газа секторындағы гуманитарлық трагедияға назар аударып, халықаралық қауымдастықты тағы шұғыл атысты тоқтату және гуманитарлық жәрдемге шақырады.

Ең ірі экономикалар орын алған «Үлкен жиырмалық» елдері жиналысы аясында Израильдің Газа секторына 7 қазан күнінен бері жалғасқан шабуылдары, Ресейдің 2 жылдан бері Украинаны басып алуы және жаһандық басқару механизмдерінің жеткіліксіздігі сияқты тақырыптарда Түркияның хабарламалары өте маңызды болып табылады.

Бразилия «Үлкен жиырмалық» елдерінің кезекті төрағалығы аясында сыртқы істер министрлері деңгейінде бірінші отырысын өткізеді. Бразилияның бұл таңдауы соңғы кездегі геосаяси шиеленістерге байланысты деген болжам бар.

Дипломатиялық дереккөздерге қарағанда министр Фидан Рио-де-Жанейрода «Әділ бір әлемді құру және тұрақты әлем» тақырыбын жалғастырған Бразилияның кезекті төрағалығы аясында жүзеге асатын «Үлкен жиырмалық» елдерінің Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысады.

Хакан Фиданның отырыс аясында «Үлкен жиырмалық» елдерінің кейбір Сыртқы істер министрлерімен өзара кездесулер өткізуі және «MIKTA» (Мексика, Индонезия, Корея, Түркия, Австралия) 25-ші Сыртқы істер министрлері жиналысына  қатысуы күтіледі.

«Үлкен жиырмалық» елдерінің бүкіл әлемде орын алған дағдарыстарды шешу жолдарын талқылау тұрғысынан маңызды бір мүмкіндік болып қарастырылады.



Ұқсас жаңалықтар