Албания Премьер-министрі Эди Рама Түркияда

Түркия-Албания Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы бас қала Анкарада өтеді.

2104735
Албания Премьер-министрі Эди Рама Түркияда

Албания Премьер-министрі Эди Рама президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен келді.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда сапар аясында Түркия-Албания Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы Ердоған мен Рама басшылығымен бас қала Анкарада өтеді.

Кеңес отырысында Түркия-Албания қарым-қатынастарының барлық аспектілері қарастырылып, өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдету үшін басатын қадамдар талқыланады.

НАТО одақтасы Албаниямен кездесулер барысында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау түсінігі негізінде өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ Балқан түбегіндегі оқиғалардан бастап, аймақтық және халықаралық оқиғалар туралы пікір алмасады.

Сапар аясында Түркия-Албания қарым-қатынастарына елеулі үлес қосатын әртүрлі хаттамаларға қол қойылады.



Ұқсас жаңалықтар