Министр Кажыр Сауд Арабиясы Инвестиция министрімен бас қосты

Өнеркәсіп және технология министрі әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады.

2103880
Министр Кажыр Сауд Арабиясы Инвестиция министрімен бас қосты

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Сауд Арабиясы Инвестиция министрі Халид А. Әл-Фалихпен экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілететін қадамдар жөнінде кеңескендерін білдірді.

Министр Кажыр әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада Әл-Фалихпен Стамбулда кездескенін, экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілететін қадамдарды талқылағандарын білдірді.

Кажыр «Біз Сауд Арабиясының 2030 көзқарасы мен отандық технологиялық бастамаларымыздың қиылысқан салаларында өзара инвестициялардың арттырылуы, өнеркәсіптік салаларымызды біріктіру және цифрлық экономика, кәсіпкерлік және инновация салаларында ынтымақтастықты ілгерілету үшін жұмыс істейтін боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар