Әл-Сиси Түркия-Мысыр қарым-қатынастарына назар аударды

Ердоған Мысыр мен Түркияның мың жылдан астам ортақ тарих пен мәдениетке ие елдер екенін мәлімдеді.

2102528
Әл-Сиси Түркия-Мысыр қарым-қатынастарына назар аударды

Мысыр президенті Абдулфеттах әл-Сиси «Мысыр мен Түркия бірлесе отырып Газа мәселесінде өте жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады» деді.

Сиси ресми сапармен еліне келген президент Режеп Тайып Ердоғанмен ортақ баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Мысыр президенті Ердоғанның он жылдан астам уақыттан кейін еліне жасаған сапарына риза екенін білдіріп, «Екі ел арасында жаңа парақ ашып жатырмыз» деді.

Ердоғанмен Газа секторындағы жағдайды талқылағандарын білдірген Сиси «Газа секторында дереу атысты тоқтату және Шерияның батысында шиеленісті тыныштандыру туралы Түркия президентімен ортақ пікірдеміз» деді.

Түркиямен ынтымақтастыққа тоқталған Сиси «Мысыр мен Түркия бірлесе отырып Газа секторындағы мәселеде өте жақсы нәтижеге қол жеткізе алады» деді.

Түркия-Мысыр қарым-қатынастарына тоқталған Сиси «Жақын болашақта 15 миллиард долларлық сауда мақсатына (Түркиямен) жетуді мақсат етеміз» деді.

Мысыр басшысы Ердоғанның Түркияға шақыруына қайтарған жауабында «Президент Ердоғанның сәуір айында Түркияға шақыруын асыға күтемін» деді.

«Мысыр Түркияның Африкадағы нөмір бірінші сауда серіктесі және Түркия Мысыр экспортының ең маңызды бағыттарының бірі» деген Сиси аймақта белсенділік танытып отырған бұл екі елдің бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара алатынын баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар