Түркия Израильдің Рафах қаласына шабуылдарын айыптады

ТР Сыртқы істер министрлігі Израильдің шабуылдарымен байланысты мәлімдеме жасады.

2101171
Түркия Израильдің Рафах қаласына шабуылдарын айыптады

Түркия Газа секторының Рафах қаласында Израиль шабуылдарының күшеюіне алаңдаушылығын білдірді.

Аталмыш мәселе бойынша ТР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Біз Израильдің Газа секторында осы уақытқа дейін жасаған қиратулары мен қырғындарынан кейін Рафах қаласына шабуылының күшеюіне қатты алаңдаймыз. Біз халықаралық қауымдастықты, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесін Израильді тоқтату үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар