Президент Ердоған мен Гезеравжы телефон арқылы сөйлесті

Ердоған: «Елге оралғанда егжей-тегжейлі әңгімелесуге мүмкіндік табамыз».

2100577
Президент Ердоған мен Гезеравжы телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) 18 күннен кейін ғарыштық ғылым міндетін аяқтап, Жерге оралған Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжымен телефон арқылы сөйлесті.

Міндетін сәтті орындағаны үшін Гезеравжыға алғысын білдірген президент Ердоған «Иншалла елге оралғанда оңаша кездесіп, барлық процесті бізге егжей-тегжейлі түсіндіретін болсаңыз, оған да ерекше қуанамыз. Бұдан былай өте маңызды тапсырмаларыңыз болады» деді.

Гезеравжы президент Ердоғанның «Денсаулығыңыз тұрғысынан бір проблемаңыз бар ма?» деген сұрағына «Аллаға шүкір бәрі жақсы. Тіпті осында бізді қарсы алған дәрігерлердің өзі де таңқалды. Олар менің бейімделу кезеңімді біраз уақытқа созылатын шығар деп күтті, бірақ мен ғимараттың айналасында жүгіре бастағанда, олар таң қалды. Аллаға шүкір бәрі жақсы» деді.

Президент Ердоған «Елге оралғанда егжей-тегжейлі әңгімелесуге мүмкіндік табамыз» деді.

Гезеравжы болса «Елімізге, болашақ ұрпаққа осындай бір шабыт көзі бір миссияны сыйлағаныңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Елімізді ХҒС-қа барған 22-ші елге айналдырдыңыз және осы уақытқа дейін орындалған миссиялар ішінде оқу-жаттығу кезеңінен бастап, ХҒС-та ең жылдам жеткен ел болдық. Осы мәселе бойынша шешіміңіз бен көзқарасыңыз үшін тағы да алғыс айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар