АҚШ Конгресінің Түркияға «F-16» сатылымын қарау мерзімі аяқталды

АҚШ-тан «F-16» әскери ұшақтарын сатып алу процесін бастау үшін ешбір кедергі қалмады.

2100595
АҚШ Конгресінің Түркияға «F-16» сатылымын қарау мерзімі аяқталды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Конгресінде Түркияға «F-16» әскери ұшақтарының сатылымына байланысты талқылау мерзімі аяқталды.

26 қаңтар күні Түркияға «F-16» әскери ұшақтарының сатылымы жөнінде АҚШ әкімшілігі Конгреске жіберген ресми хабарламаның заңды түрде белгіленген 15 күндік талқылау кезеңі сатылымды тоқтататын ешбір кедергісіз аяқталды.

15 күндік қарау және наразылық білдіру үдерісінде Кентукки сенаторы Рэнд Паулдың Сенатқа ұсынған наразылық ұсынысы ғана күн тәртібіне келді.

Паул ұсынған заң жобасы АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар комитетіне жіберілгенімен, осында заң жобасына қатысты ешбір әрекет жасалмады.

АҚШ әкімшілігінің ресми хабарламасының артынан Конгресстегі 15 күндік кезең АҚШ уақыты бойынша кеше аяқталды және АҚШ Қару-жарақ экспортын бақылау заңы (AECA) бойынша тиісті мекемелер арасында сатылым процесінің басталуына ешқандай кедергі қалмады.

Түркия АҚШ-тан 40 дана жаңа «F-16 Block 70» әскери ұшағы мен 79 ұшағы үшін модернизациялау жиынтығын сұраған болатын.



Ұқсас жаңалықтар