Түркияның тұңғыш ғарышкері ғарыштан оралды
«Axiom Space» компаниясы Жерге оралу процесін тікелей эфирде көрсетті.
2100277
![Түркияның тұңғыш ғарышкері ғарыштан оралды](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/246b/8b05/7a3a/65c62cff38af9.jpg?time=1722044024)
Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы Жерге оралды.
«Axiom-3» экипажын тасыған “Dragon» капсуласы АҚШ-тың Флорида жағалауында мұхитқа қонды.
«Axiom Space» компаниясы «Ax-3» экипажының Халықаралық ғарыш станциясынан Жерге оралу процесін тікелей эфирде көрсетті.
Экипаж ғарыш стансасынан 7 ақпан күні жолға шыққан болатын.