Қорғаныс өнеркәсібі инвестициясы зілзала аймағына бағытталады

Президент Режеп Тайып Ердоған қорғаныс өнеркәсібі инвестициясын зілзала аймағына бағыттағандарын айтты.

2099709
Қорғаныс өнеркәсібі инвестициясы зілзала аймағына бағытталады

Адыямандағы жер сілкінісі үйлерінің жеребе тарту рәсімінде сөз сөйлеген президент Ердоған 2023 жылдың 6 ақпанындағы жер сілкінісінен зардап шеккен Адыяманда 39 мың тұрғын үйдің анықталғанын айтты.

Осы таңда 2 мың 798 үйді тапсырғандарын білдірген Ердоған салынып жатқан 32 мың үйді жыл соңына дейін кезең-кезеңімен тапсыратындарын, сондай-ақ келер жылы барлық бенефициарларға үй және жұмыс орнын беруді мақсат еткендерін айтты.

Тұрғын үйлер мен жұмыс орындарын салып, қалалардың көшелері мен алаңдарын ретке келтіріп қана қоймай, іргелі инфрақұрылым мен ірі инвестицияларды жүзеге асырғанын түсіндірген Ердоған  «Осы тұрғыда біз еліміздің ең жылдам дамып келе жатқан секторы қорғаныс өнеркәсібінің инвестицияларын жер сілкінісі аймағындағы қалаларымызға бағыттау үшін тұрғын үй және жұмыспен қамту жобасын бастадық. Адыяманда қорғаныс өнеркәсібі компанияларымыздың серіктестігімен TUSAŞ (Түрік ұшақ өнеркәсібі акционерлік серіктестігі) координациясы арқылы Адьяманға зертхана, сынақ инфрақұрылымы, кабельдер, қосқыштар, сымдар өндіріс орнын құрып жатырмыз. Салынып жатқан бұл нысан  жылдың аяғында жұмыс істейтін болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар