Ирак премьер-министрі  Яшар Гүлерді қабылдады

Мұхаммед Шиа әл-Судани Түркия мен елінің қауіпсіздігінің бір-бірімен байланысты екенін айтты.

2098594
Ирак премьер-министрі  Яшар Гүлерді қабылдады

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Судани Түркия мен елінің қауіпсіздігінің бір-бірімен байланысты екенін айтты.

Әл-Судани еліне ресми сапармен барған Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлдерді қабылдады.

Ирак премьер-министрлігінің баспасөз қызметі кездесуде көршілес екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту және екі елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына үлес қосатын қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығының талқыланғанын хабарлады.

«Ирак пен Түркияның қауіпсіздігі көршілес елдердің қауіпсіздігі сияқты бір-бірімен байланысты» деген  Премьер-министр Суданиекі ел арасындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау саласында үлкен үйлестіру мен түсіністік үшін бұл сапарлардың маңыздылығына назар аударды.

Ирак президенті Абдуллатиф Мұхаммед Джемал Решид тарапынан да қабылданған министр Яшар Гүлер мен қасындағы делегация кейін Ішкі істер министрі Абдүлемир Камил Шаммаримен де кездесті.

Яшар Гүлер Камил Шаммаримен кездесуінде екіжақты және аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптарында пікір алмасты.



Ұқсас жаңалықтар