Өткен жылы жер сілкінісінде қаза тапқандар еске алынуда

Түркия 11 қалада болған жер сілкінісінің бірінші жылдығында қаза тапқандарды еске алуда.

2098064
Өткен жылы жер сілкінісінде қаза тапқандар еске алынуда

Түркия орталығы Кахраманмараш болған және 11 қалаға әсер еткен «Ғасыр апаты» деп аталған жер сілкінісінің бірінші жылдығында қаза тапқандарды еске алуда.

2023 жылы 6 ақпан күні Кахраманмараштың Пазаржык ауданында жергілікті уақытпен сағат 04.17-де магнитудасы 7,7, Эльбистан ауданында сағат 13.24-те магнитудасы 7,6 балдық жер сілкінісі болып, 53 мың 537 адам қаза тақан және 107 мың 213 адам жараланған болатын.

"Ғасыр апатының" бірінші жылдығында Түркияның түкпір-түкпірінде бірдей уақытта ұйымдастырылған шаралармен қаза тапқан азаматтар еске алына бастады.

120 мың шаршы шақырым аумақта 14 миллион азаматқа тікелей әсер еткен жер сілкінісінде дүниеден озғандар үшін мектептерде оқу 1 минуттық үнсіздікпен басталды.



Ұқсас жаңалықтар