Ғарышкерлердің оралуы кейінге қалды

Ғарышкерлердің Жерге оралуы ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды.

2098183
Ғарышкерлердің оралуы кейінге қалды

Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы құрамында орын алған «Драгон» атты ғарыш көлігі мен «Axiom-3» командасының Жерге оралуы қайтадан кешікті. Ғарышкерлердің Жерге оралуы ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды.

«SpaceX” компаниясы ғарышкерлердің Халықаралық ғарыш стансасынан жолға шығуының кейінге қалдырылғанын хабарлады.

Хабарламада «Америка Құрама Штаттарының Флорида штатында ауа райының қолайсыздығына орай ғарышкерлер Халықаралық ғарыш стансасынан шығу ісін кешіктірді. Ауа райының жағдайын бақылауды жалғастырамыз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар