АҚШ отпен ойнауда

Фидан АҚШ-тың Иран қолдайтын топтарға шабуылы жайлы сұраққа  АҚШ-тың отпен ойнап жатқанын атап көрсетті.

2097511
АҚШ отпен ойнауда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ пен Иранның арасындағы қақтығысқа қатысты «Жағдай жақсы емес. Шиеленіс бұдан да ушығуы  мүмкін» деді.

Хакан Фидан бір теледидар бағдарламасына қатысып, күн тәртіпке байланысты сұрақтарға жауап берді.

Фидан АҚШ-тың Иран қолдайтын топтарға шабуылы жайлы сұраққа  АҚШ-тың отпен ойнап жатқанын атап көрсетті.

Хакан Фидан «Отпен ойнаған кезде, от бір сәтте алауланып, өртке айналып кетуі мүмкін. Одан кейін ауыздықтау қиынға түседі. Бақылауға алынбаса, үлкен қауіп туылады» деді.

Министрі Фидан Түркияның аймақтық серіктестері және АҚШ-пен үздіксіз келіссөздер жүргізіп жатқанын түсіндірді.


Этикеттер: #шабуыл , #от , #Иран , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар