Алпер Гезеравджының Жерге оралуы 5 ақпан күніне қалдырылды

«SpaceX» компаниясы «X» әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтынан мәлімдеме жасады.

2096986
Алпер Гезеравджының Жерге оралуы 5 ақпан күніне қалдырылды

Араларында Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравджы да бар «Драгон ғарыш кемесі және Axiom-3 (Ax-3)» тобының Жерге оралуы Флорида жағалауындағы қолайсыз ауа райына байланысты 5 ақпан күніне қалдырылды.

«SpaceX» компаниясы «X» әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтынан «Ax-3» тобының Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) ұшып шығуының кейінге шегерілгені туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Флорида жағалауындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты «Dragon мен Ax-3» экипажының 5 ақпан күніне дейін «ХҒС»-нан шығатыны атап көрсетілді.

Сондай-ақ мәлімдемеде топтардың «ХҒС»-нан кету жоспарына қатысты ауа райы жағдайын бақылауды жалғастыратыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар