Министр Уралоғлу: "Отандық жер серігіміз маусым айында ұшырылады"

Стамбулда «Украинаны қайта құру форумы» болып өтті.

2095953
Министр Уралоғлу: "Отандық жер серігіміз маусым айында ұшырылады"

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу «2024 жылы өзіміздің отандық жер серігімізді АҚШ-қа жіберіп, маусым айында ғарышқа ұшыру арқылы ондағы күшімізді де арттыратын боламыз» деді.

Министр Абдулкадир Уралоғлу, Украина премьер-министрінің орынбасары, Инфрақұрылым және аймақтық даму министрі Александр Кубраков және Сауда министрі Өмер Болаттың қатысуымен өткен «Украинаны қайта құру форумында» айтқан сөзінде Түркияның ғарыш жұмыстарына тоқталды.

Уралоғлу «Ғарыштағы жер серіктеріміз бар. 2024 жылы өзіміз өндірген отандық жер серігімізді АҚШ-қа жіберіп, маусым айында ғарышқа ұшыру арқылы сол жердегі күшімізді арттыратын боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар