Кабулдағы Ататүрік балалар ауруханасы іске қосылды

Түркия Кабулдағы Ататүрік балалар ауруханасына медициналық құрал-жабдықтармен қолдау көрсетті.

2096224
Кабулдағы  Ататүрік балалар ауруханасы іске қосылды

Түркия Ауғанстанның астанасы Кабулдағы Ататүрік балалар ауруханасына медициналық құрал-жабдықтармен қолдау көрсетті.

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) Кабул кеңсесі берген 50 науқас төсегі, 10 монитор, 1 DC-40 Mindrey ультрадыбыстық аппараты және әртүрлі медициналық құралдар аурухана басшылығына жеткізілді.

Бұдан бұрын Ауғанстан үкіметі тарапынан құрылысы басталған,  бірақ тамамдалмаған аурухана Түркияның қолдауымен 2001 жылы аяқталды. Ататүрік балалар ауруханасы деген атпен іске қосылды.

TИKA Кабул кеңсесі үздіксіз қолдау көрсету арқылы аурухананың мүмкіндіктерін арттыруға үлес қосуда.



Ұқсас жаңалықтар