Фидан Бухарестте румыниялық әріптесімен бас қосты

Хакан Фидан Румыниялық әріптесі Луминита Одобескумен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

2095776
Фидан Бухарестте румыниялық әріптесімен бас қосты

Хакан Фидан Румынияның бас қаласы Бухарестте әріптесі Луминита Одобескумен кездесуінің артынан ұйымдастырылған бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Түркияның «Бұғаздардың мәртебесі туралы Монтре конвенциясын»  бейтарап және мұқият орындауды жалғастырғанын атап айтқан Фидан «Кеше мен бұл туралы Софияда баспасөз мәслихатында айттым, бүгін тағы қайталап отырмын, біз Монтре туралы талқылауды елестете де алмаймыз» деді.

Министр Фидан «Монтре конвенциясы аймақ қауіпсіздігінің кепілі ретінде қызметін жалғастыруда» деді.

Фидан румыниялық әріптесімен кездесуінде Балқандағы соңғы оқиғалар мен Таяу Шығыстағы оқиғалардың да талқыланғанын түсіндірді.

Фидан әріптесімен бірге Газа секторындағы қатыгездік, трагедия және одан туындайтын қауіптерді барша тілге тиек еткенін атап, Израильді Халықаралық Соттың уақытша тыйым салу шешімін орындауға және дереу толық «атысты тоқтатуды» жариялауға шақырғанын атап көрсетті.

Израильдің бірнеше апта бойы қоршауда болған Газа секторын нысанаға алуын жалғастырғанын атап көрсеткен Фидан бомбалаудан аман қалғандардың аштық және эпидемиялық аурулармен күресіп жатқанын мәлімдеді.

Фидан «Израильдің Газа секторына гуманитарлық жәрдем және дәрі-дәрмек жеткізуге тосқауыл қоюын халықаралық қауымдастық қабылдамау керек. 2 миллион адамның бомбалау астында аштықтан және індеттен өліміне үнсіз қала алмаймыз және қалмауға тиіспіз. Осы қырғынның алдын алу үшін халықаралық қоғамды тағы бір рет батыл қозғалуға шақырамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар