Сыртқы істер министрі Болгарияда

Министр Фидан Президент Румен Радевпен және премьер-министр Николай Денковпен бас қосады.

2094909
Сыртқы істер министрі Болгарияда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Албаниядағы ресми кездесулерінен кейін Болгарияға барды.

Хакан Фидан ел астанасы Софияда алдымен Құқық және еркіндік қозғалысы партиясы төрағасы қызметін тапсырғалы жатқан Мұстафа Карадайымен кездесіп, партияның тең төраға үміткерлері Джевдет Чакыров және Делян Пеевскимен бас қосты.

Ресми сапар аясында Хакан Фидан Премьер-Министрдің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мария Габриэльмен кездеседі, сонымен қатар Президент Румен Радевпен және премьер-министр Николай Денковпен бас қосады.

Министр Фидан Болгариядағы кездесулерін аяқтағаннан кейін сәрсенбі күні ресми сапармен Румынияға барады.

Сапарлар барысында екіжақты қарым-қатынастардан бөлек аймақтық және жаһандық оқиғалар да талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар