Жеті қалада «Батырлар-47» операциясы басталды

Ішкі істер министрі Али Йерликая террормен күрес операциялары туралы хабарлама жасады.

2094596
Жеті қалада «Батырлар-47» операциясы басталды

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның қысқы құрылымдауына тосқауыл қою үшін 7 қалада «Батырлар-47» операциясы ұйымдастырылды.

Ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі аккаунтынан Мардин, Битлис, Шырнак, Батман, Сиирт, Тунджели және Диярбакырда жүргізілген «Батырлар-47» операциясына қатысты мәлімдеме жасады.

Министр Йерликая террор ұйымы PKK-ның қысқы құрылымының алдын алу үшін жүргізілген операцияға 1 мың 174 адам мен жандармерияға тиесілі пилотсыз әуе көліктері және «ATAK» әскери тікұшағы қатысқанын, операцияда 28 баспананың жойылып, көптеген зымыран атқыш, ұзын атымды автоматтар, граната және 159 келі жарылғыш заттың тәркіленгенін білдірді.

Мәлімдемесінде террормен күрестің табандылықпен жалғасатынын айтқан министр Йерликая «Террор ұйымы дайындаған індердің барлығы бірінен соң бірі анықталып, жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар