Ибрахим Калын Ирактағы байланыстарын жалғастырды

Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) басшысы Ибрахим Калын Иракта басшылармен кездесті.

2094401
Ибрахим Калын Ирактағы байланыстарын жалғастырды

Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) басшысы Ибрахим Калын Ирак Түрікмен майданы (ITC) төрағасы Хасан Туран және ITC Киркук депутаты Эршат Салихимен бас қосты.

Ирактың Эрбиль қаласына барған Ибрахим Калын Ирак Күрдістан Демократиялық партиясы (КДП) төрағасы Месут Барзани және Ирак Күрд аймақтық үкіметінің (KRG) премьер-министрі Месрур Барзанимен де кездесті.

Кездесулерде аймақтағы оқиғалар, өзара қарым-қатынастар, бөлшектеуші PKK террорымен тиімді күрес тақырыптары талқыланып, Түркияның терроризммен күресте табандылығы ашық түрде баса айтылды.

Калын өткен аптада Иракқа жасаған сапарында Ирак президенті Абдуллатиф Рашид, Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Суданиге қоса, шиіт пен сүннит топтар және түрікмен өкілдері бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар