«Түркия-Албания медиа форумы» Тиранда жүзеге асты

Түркияның Албаниядағы елшісі Албанияның табиғи одақтасы екенін атап көрсетті.

2094233
«Түркия-Албания медиа форумы» Тиранда жүзеге асты

Албанияның бас қала Тиранда «Юнус Эмре» институтының үйлестіруімен «Түркия-Албания медиа форумы» өтті.

Бас қалада бір қонақүйде өткен форумда сөз сөйлеген Түркияның Албаниядағы елшісі Тайяр Каған Атай екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 100 жылдан бері жалғасып келе жатқанын атап «Албаниямен дипломатиялық қарым-қатынаста екінші ғасырымызға қадам бастық және мұны 2021 жылы стратегиялық әріптестік деңгейіне көтердік. 2022 жылы 1 миллиард долларлық сауда көлемінен асып түстік. Ендігі мақсатымыз мұны 2 миллиард долларға жеткізу» деді.

Албаниядағы ортақ мәдени мұраны Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі басқармасы (TİKA) жобаларымен қалпына келтіргендерін атап көрсеткен Атай Түркия стипендиясы аясында 200-ден астам албаниялық студенттің Түркияда білім алғанын және «Маариф» қорының әлемдегі жалғыз университетінің Албанияда ашылғанын атап көрсетті.

Түркияның Албанияның табиғи одақтасы екенін атап көрсеткен Атай «Балқанның тұрақтылығына айқын үлес қосып келе жатқан екі елміз. Біздің қарым-қатынастарымыз өзара, аймақтық және халықаралық деңгейде ортақ тарихымызға жарасатындай жалғасуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар