АҚШ-тың Түркияға F-16 ұшақтарын сатуы жайлы

АҚШ Түркияға 40 F-16 жойғыш ұшағын сатуына байланысты Конгресске ресми хабарлама жасады.

2094082
АҚШ-тың Түркияға F-16 ұшақтарын сатуы жайлы

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаменті Түркияға 40 F-16 жойғыш ұшағын сату және қолданыстағы F-16 ұшақтарын жаңғыртуға байланысты Конгресске ресми хабарлама жасады.

Мәлімдемеде «Сыртқы істер министрлігі Түркия Республикасына шамамен 23 миллиард долларлық F-16 соғыс ұшақтарын сатып алу және жаңғырту, сондай-ақ тиісті құрал-жабдықтардың сатылуын мақұлдау туралы шешім қабылдады» делінді. Мәлімдеме Қорғаныс қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастық агенттігінің тиісті сертификатты бүгін Конгресске жібергені атап өтілді.

Мәлімдемеде Түркияға F-16 ұшақтарының сатылуының НАТО-ның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін маңызды екені атап көрсетіліп, Анкараға 40 жаңа F-16 соғыс ұшағы мен 79 F-16 модернизация жиынтықтарымен қатар тиісті жабдықтың жеткізілетіні атап өтілді.

Қару-жарақ сатылуы үшін АҚШ әкімшілігі жіберген сату туралы хабарламаға Конгресс тарапынан қарсылық болмауы керек.

Сондай-ақ шетелге қару-жарақ сатуды қадағалау міндетін алған Сенаттың Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Бен Кардин Түркияға F-16 ұшақтарының сатылуын мақұлдайтынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар