Түркияның ұлтық қауіпсіздік саясаты өзгермейді

Декларацияда  PYD/YPG, ФЕТО және ДАИШ сынды террор ұйымдарына қарсы күрестің  береке-бірлік ішінде табандылықпен жалғасатыны атап өтілді.

2093702
Түркияның ұлтық қауіпсіздік саясаты өзгермейді

Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Президенттік кешенде өткен Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін декларация жарияланды.

Декларацияға сәйкес отырыста «Түркия ғасыры» жобасы аясында ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды саяси, әскери және экономикалық оқиғалар бағаланып, 2024 жылы кездесуі мүмкін мәселелер мен атқарылатын іс-шаралар талқыланды.

Декларацияда  PYD/YPG, ФЕТО және ДАИШ сынды террор ұйымдарына қарсы күрестің  береке-бірлік ішінде табандылықпен жалғасатыны атап өтілді.

Декрацияда «Түркияның батылдықпен жүзеге асырған ұлттық қауіпсіздік саясаты өзгермермейді.  Біз барлық террорлық ұйымдарды және олардың кеңеюін нысанаға алуды жалғастырамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар