Түркия Израильдің өтіріктерін паш етуде

Фахреттин Алтун Стамбулда өткен «Газа соғысындағы ақпарат құралдарының ақиқат үшін күресі» симпозиумында сөз сөйледі.

2093972
Түркия Израильдің өтіріктерін паш етуде

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Газада геноцид жасаған Израильдің жаһандық өтіріктің арқасында отаршылдық саясатын жалғастырғанын айтты.

Фахреттин Алтун Стамбулда өткен «Газа соғысындағы ақпарат құралдарының ақиқат үшін күресі» симпозиумында сөз сөйледі.

Израильдің шындықтарды жасыру үшін Газадағы журналистерді қасақана нысанаға алғанын баяндаған Алтун Түркия Радио Теледидар Мекемесі  (TRT) мен Анадолы агенттігінің Газада не болып жатқанын бар шындығымен әлемге паш еткенін түсіндірді.

Израильдің өтірік айтып келгеніне  тоқталған Алтун «Израиль батыстық медиа экожүйесінің қосқан үлесімен құрған жаһандық өтіріктердің  арқасында экспансионистік саясаты мен әскери қылмыстарын жалғастыруда» деді.

Алтун «7 қазаннан бері барлық қиындықтарға қарамастан, Адаолы агенттігі мен TRT аймақта қарқынды және батыл жұмыс істеуде» деді.



Ұқсас жаңалықтар