Швецияның НАТО-ға мүшелігі ТҰҰМ-де дауысқа салынады

ТҰҰМ Жалпы Кеңесі Швецияның НАТО-ға мүшелік өтінішін талқылайды.

2092147
Швецияның НАТО-ға мүшелігі ТҰҰМ-де дауысқа салынады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) бүгінгі Жалпы кеңес жиналысында Швецияның НАТО-ға мүшелік өтінішін талқылайды.

Жалпы кеңестегі талқылаудан кейін өтініш парламент мүшелерінің дауысына ұсынылады.

Швецияның НАТО-ға мүшелігіне қатысты хаттама алғаш рет 16 қараша күні ТҰҰМ Сыртқы істер комиссиясының күн тәртібіне келді.

Мүшелік хаттамасын Парламенттің халықаралық істер жөніндегі комитеті 26 желтоқсан күні қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар