Ердоған-Мелони кездесуі итальян баспасөзінде кең орын берді

Стамбулда өткен Ердоған-Мелони кездесуі Италия баспасөзінде кең орын алды.

2091920
Ердоған-Мелони кездесуі итальян баспасөзінде кең орын берді

Италия баспасөзі Президент Режеп Тайып Ердоғанның Италия премьер-министрі Джорджия Мелониді Стамбулда қабылдауына кең орын берді.

«La Stampa» газеті кешегі кездесуді тақырып етіп жариялады.

Екі маңызды НАТО одақтасының кездесуінде Таяу Шығыстағы шиеленіс, Ливиядағы оқиғалар және Ресей-Украина соғысының талқыланғаны жазылды.

Хабарда президент Ердоғанның дипломатиядағы белсенділігі мен астық келісіміндегі маңызды рөліне және бітімгерлік табысына назар аударылды.

«Il Messaggero» газеті «Премьер-министр Стамбулда: Қарым-қатынастар нығая түсуде» деген тақырыбына орын берген.

Екі ел арасындағы сауда-саттық ынтымақтастық, Израильдің шабуылдары және Ресей-Украина соғысының талқыланғаны айтылды.

Өзара сауда көлемін 2030 жылға дейін 25 миллион еуродан 30 миллиард еуроға дейін арттырудың нысанаға алынғаны атап көрсетілді.

Италия премьер-министрінің астық келісіміндегі рөлі үшін президент Ердоғанға тағы да алғыс айтқаны баса айтылды.

«Corriere della Sera» газеті болса «Италия Үлкен жетілік кезекті төрағалығы кезінде алғаш ресми сапарын дос ел Түркияға жасады» деп хабарлады.

Хабарда екі ел арасындағы сауда көлеміне назар аударылып, Түркия мен Италияның ынтымақтастығын жалғастыруды мақсат еткеніне назар аударылған.

Италия премьер-министрі Мелонидің Ресей-Украина соғысындағы дипломатиялық рөлі үшін Ердоғанға алғысы осы газетте де кеңінен орын алған.



Ұқсас жаңалықтар