Алтун палестиналық фототілшіні құттықтады

«TRT World Citizen» сыйлығы палестиналық фототілші Мотаз Азизаға берілді.

2091881
Алтун палестиналық фототілшіні құттықтады

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «TRT World Citizen» рәсімінде марапатқа лайық деп танылған палестиналық фототілші Мотаз Азизаны құттықтады.

Стамбулда Түркия телерадио корпорациясы (TRT) тарапынан ұйымдастырлған «TRT World Citizen» рәсімінде Мотаз Азаиза «үздік коммуникатор» сыйлығына лайық деп танылды.

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун палестиналық фототілші үшін құттықтау жариялады.

Азаизаның Израиль шабуылы кезінде Газа секторында болып жатқан оқиғаларды әлемге жеткізуінің маңыздылығына тоқталған Алтун «Құрметті Мотаз Азаиза жұмысыңыз бен Газа секторында болып жатқан геноцид туралы бүкіл әлемді хабардар ету құқығына деген адалдығыңызға ризашылығымызды білдіреміз» деді.

Газа секторында Израиль өлтірген журналистерді еске салған Алтун «Адамзаттың ақпарат алу бостандығы үшін Газа секторында өлтірілген 119 журналисттен бастап, сіздердің болмасы мен қиын жағдайларда ортаға қойған қажымас қайратыңыз болмағанда, әлем не болып жатқанынан хабардар болмай, бұқара қозғала алмай және одан да көп қасірет болар еді» деді.

Коммуникация басқармасы төрағасы «Дәл сіз сияқты әрбір газалықтың отбасымен тыныштық табуына тілектеспін және алған марапатыңызбен сізді бауырыңыз ретінде құттықтаймын» деп Мотаз Азаизаны құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар