Түркияның тұңғыш ғарышкері сапарын бастады

Флоридадағы ғарыш орталығынан Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжының ғарыш сапары басталды.

2090737
Түркияның тұңғыш ғарышкері сапарын бастады

«SpaceX» ғарыш кемесі, соның ішінде Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Кеннеди ғарыш орталығынан жергілікті уақыт бойынша сағат 16.49-да (Tүркия уақытымен сағат 00.49) сәтті ұшырылды.

Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығындағы 39А ұшыру кешенінен Түркияның тұңғыш ғарышкері  Гезеравжының ғарыш сапары басталды.

Ғарыш көлігі сенбі күні Түркия уақытымен сағат 13.15-те Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жетеді деп жоспарланды. Осылайша ғарыш жолаушылары ХҒС-қа жету үшін шамамен 36 сағат жол жүреді.

«SpaceX» өзінің «X» желісіндегі аккаунтында Халықаралық ғарыш станциясына  сапарын бастаған «Dragon»  капсуласындағы «Ax-3» командасының алғашқы сезімдерін тікелей эфирде көрсетті.

Гезеравжының ғарыштағы алғашқы сөзі: «Мен Түркияның ғарыштық миссиясы үшін тұңғыш түрік ғарышқа қадам басқан кезде Ұлы Ататүріктің сөздерімен бастағым келеді. Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің дана сөзі: Болашақ аспанда».

Осы сапар арқылы «Түркияның түңғыш ғарышкері» атағын да алған Гезеравжы ХҒС-те 14 күн бойы 13 түрлі ғылыми тәжірибе жасайды. Түрік ғарышкері микрогравитация, ғарыштағы адам денсаулығы, Тұл көл өсімдігінің ғарыштағы жағдайын зерттеу және нөлдік гравитация ортасындағы қатты сұйықтық қоспаларын зерттеу сияқты салаларда ғылыми жобалар бойынша тәжірибелер жүргізеді.



Ұқсас жаңалықтар