«SpaceX» ғарыш кемесі сәтті ұшырылды

Президент Ердоған «Алғашқы адам басқарылатын ғарыш командасы» аясында бейне хабарлама жариялады.

2090602
«SpaceX» ғарыш кемесі сәтті ұшырылды

Президент Режеп Тайып Ердоған «Республикамыздың екінші ғасыры мен "Түркия ғасырына" алғаш рет адам басқаратын ғарыш командасымен қадам басып отырмыз» деді.

Президент Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасының бірінші кезеңі «Алғашқы адам басқарылатын ғарыш командасы» аясында бейне хабарлама жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдемесінде «Бәріміз бірге тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Ортақ мақтанышымыздың бірін бастан өткізудеміз. Республикамыздың екінші ғасыры мен "Түрік ғасырына" алғаш рет адам басқаратын ғарыш командасымен қадам басып жатырмыз. Ғылым тарихына бірегей үлес қосқан өркениеттің мұрагерлері ретінде біз тарихтағы миссиямызды қайта орындауға өте құнды жаңа бастама жасап отырмыз. Көзінде ұшқыны бар көкжиекке қарайтын жастарымызға, арманы әлемге сыймайтын балаларымызға шабыт болсын деп ғарышқа тұңғыш рет азаматымызды аттандырып отырмыз» деді.

Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы бүгін түнде ғарышқа көтеріледі.

Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжының да ішінде болған «SpaceX» ғарыш кемесі Америка Құрама Штаттарының Кеннеди ғарыш орталығынан жергілікті уақыт бойынша сағат 16: 49-да (Түркия уақыты бойынша сағат 00: 49-да) сәтті ұшырылды. Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылғаннан кейін 36 сағаттан соң жетеді.



Ұқсас жаңалықтар