Вице-президент Джевдет Йылмаз Угандаға барады

Вице-президент Джевдет Йылмаз Угандада Қосылмау қозғалысының 19-шы саммитіне қатысады.

2090460
Вице-президент Джевдет Йылмаз Угандаға барады

Вице-президент Джевдет Йылмаз Қосылмау қозғалысына мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының 19-шы саммитіне қатысу үшін Угандаға барады.

Йылмаз бас қала Кампалаға сапары барысында Түркияның Угандадағы елшілігінде түрік қоғамының өкілдерімен бас қосады.

Вице-президент Йылмаз Кампала қаласында екі күнге жалғасатын саммиттің ашылу рәсіміне қатысып, Түркия атынан өкілдік жасайды. Йылмаз осында мемлекет және үкімет басшыларына құрметті қонақ ретінде үн қатып, Уганда президенті Йовери Мусевениге қоса, саммитке қатысатын кейбір көшбасшылармен өзара кездеседі.

Саммитте Палестинадағы адам қасіретінен бастап, Африканың басымдықтары, Ресей-Украина соғысы, климаттық өзгеріс, жаһандық экономикалық жүйенің мәселелерімен басқа да жаһандық және аймақтық тақырыптар талқыланады.

Саммитте Уганда Қосылмау қозғалысы кезекті төрағалық міндетін 2019 жылдан бері жалғастырып отырған Әзербайжаннан қабылдап алады.



Ұқсас жаңалықтар