ТҚК-нің Аден шығанағы қызмет мерзімі ұзартылды

Аден шығанағы теңіз қорғау қызметінің мерзімі 2024 жылы 10 ақпан күнінен бастап тағы 1 жылға ұзартылды.

2090173
ТҚК-нің Аден шығанағы қызмет мерзімі ұзартылды

Түрік Қарулы Күштері (ТҚК) Әскери теңіз қорғау қызметінің Аден шығанағы, Сомали теңіз айдыны, Араб теңізі және іргелес аймақтардағы қызмет мерзімін 2024 жылы 10 ақпан күнінен бастап тағы 1 жылға ұзарту туралы Президенттік рұқсат Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі отырысында қабылданды.

Қабылданған рұқсатта Аден шығанағы, Сомали теңіз айдыны, Араб теңізі және іргелес аймақтарда орын алған контрабанда мен қарулы тонау әрекеттеріне қарсы 2008 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰҚК) қарарларының негізге алынғаны білдірілді.

Рұқсатта осы аяда Мәжілістің 2009 жылы 10 ақпан күнгі шешімімен Түрік Қарулы күштерінің аталмыш аймақта қызмет етуі үшін бір жылға рұқсат берілгені, қызмет мерзімінің бүгінге дейін 14 рет ұзартылғаны еске салынды.



Ұқсас жаңалықтар