АҚШ-тық журналдардың Түркия талдауы

АҚШ-тың сыртқы саясат көшбасшысы екі журналы Түркия туралы назар аударарлық талдаулар жасады.

2089922
АҚШ-тық журналдардың Түркия талдауы

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) сыртқы саясатына көшбасшылық жасаған екі журналы Түркия туралы назар аударарлық талдаулар жасады.

«Foreign Affairs» журналындағы бірінші мақала «Өз-өзіне күмәнданатын супер держава» деп аталады.

Мақалада әлі де қуатты болған АҚШ-тың халықаралық аренада маңызды бәсекелестері бар екеніне назар аударылған.

Фарид Закария жазған мақалада 30 жыл бұрынғымен салыстырғанда Түркияның әлдеқайда бай және саяси тұрғыдан жетілген бір ел екені баса айтылды.

Мақалада «Жаңа динамикаға баға беру үшін Қытай мен Ресейді тастап, Түркияға қараңыз, күшті және танымал бір көшбасшы басқарады. Ең жоғары деңгейде талаптар қойылғанның өзінде АҚШ-қа үнемі қарсы тұрады» делінген.

Екіншісі «National Interest» журналы. Журнал «Орташа державалар дәуірі келді» атты мақала жариялап, Түркияның соңғы кездері АҚШ пен басқа елдердің қысымдарына мойынсұнбай, өзінің жаһандық және аймақтық мақсаттары аясында әрекет еткенін жазды.

«Түркия Таяу Шығыста неғұрлым тәуелсіз және сенімді бір актерге айналуда» тақырыпты мақалада Түркияның соңғы кездері Таяу Шығыс, Оңтүстік Кавказ, Орталық Азия және Африкадағы жұмыстары Украина-Ресей және Палестина-Израиль мәселелеріндегі белсенді рөліне назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар