Террор ұйымына тиесілі 25 нысана жойылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі операциялар туралы мәлімдеме жасады.

2088337
Террор ұйымына тиесілі 25 нысана жойылды

Ирактың солтүстігі және Сирияның солтүстігінде Метина, Хакурк және Кандил аймақтарындағы 25 нысана әуе операцияларымен жойылып, көптеген PKK-лық террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген әуе операциясы туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде PKK/KCK және басқа да террорлық топтарды залалсыздандыру және Ирак және Сирияның солтүстігінде халық және қауіпсіздік күштеріне қарсы террорлық шабуылдарды жойып, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ Жарғысының 51-бабынан туындайтын өзін-өзі қорғау құқығы аясында Ирактың солтүстігі және Сирияның солтүстігіндегі Метина, Хакурк және Кандил аймақтарында террор нысандарына әуе операциясы жасалғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Жүргізілген әуе операцияларымен бөлшектеуші террор ұйымы PKK тарапынан қолданылатын және террор ұйымы мүшелерінің паналағаны анықталған үңгір, баспана, оқ-дәрі және материал қоймаларынан тұратын 25 нысан жойылды» делінді.

Террормен күрестің «соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін» қажымас қайрат және табандылықпен жалғасатынына баса назар аударылған мәлімдемеде «Бұл операциялар барысында жазықсыз адамдарға, дос күштерге, тарихи-мәдени құндылықтарға және қоршаған ортаға зиян келтірілмеуі үшін барлық сақтық шаралары қабылданды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар