Шейіттер үшін мешіттерде дұға оқылды

Дін істері басқармасы төрағасы Қажы Байрам Уәли мешітінде таңғы намазды оқыды.

2088437
Шейіттер үшін мешіттерде дұға оқылды

Ирактың солтүстігінде «Пенче-килит» операциялық аймағында PKK террор ұйымы мүшелерімен шыққан қақтығыста шейіт болған 9 түрік әскері үшін барлық мешіттерде таңғы намазда арнайы дұға оқылды.

Дін істері басқармасы төрағасы Али Эрбаш бас қала Анкарадағы Қажы Байрам Уәли мешітінде Құран оқылған соң таңғы намазды оқыды.

Мұндағы көпшілікке сөйлеген сөзінде Эрбаш алғашқы адам баласымен басталған шындық пен сұмдық арасындағы күрестің ақырзаманға дейін жалғасатынын айтты.

Алланың жолында жүрудің күресті қажет ететінін атап көрсеткен Эрбаш «Палестина, Газа секторы, Шығыс Түркістан, Мьянма, Аракан, Кашмир және Иракта қай жерде болмасын шейіт болған жүз мыңдаған мұсылман бар. Олар Алланың жолынан бас тартпағаны себепті шейіт болуда» деді.

Дін істері басқармасы төрағасы «Күллі әлемге жалғанға, зұлымдық пен жамандыққа әрқашан ел ретінде қарсы болдық. Тілімізден дұғамызды түсірмейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар