Министр Хакан Фидан Душанбеде мәлімдеме жасады

Фидан "Иншалла наурыз айында Тәжікстан мен Қырғызстан шекаралық дауын ресми түрде аяқтайды".

2086924
Министр Хакан Фидан Душанбеде мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан әртүрлі кездесулер үшін барған Тәжікстанның бас қаласы Душанбеде Тәжікстан президенті Имамали Рахманның қабылдауында болды.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан тәжік әріптесі Сирожиддин Мухриддинмен де бас қосты.

Кездесулер барысында өзара қарым-қатынастар мен көпжақты платформалардағы ынтымақтастыққа қоса, екі елге қатысты өзекті аймақтық және халықаралық жаңалықтар туралы пікір алмасты.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекара дауын наурыз айында ресми түрде тоқтатып, осылайша аймаққа қауіпсіздік пен тұрақтылық әкелетіндерін мәлімдеді.

Министр Фидан Тәжікстан сапарына байланысты бас қала Душанбеде мәлімдеме жасады.

Қырғызстан сапарынан кейін бүгін Тәжікстанның бас қаласы Душанбеге өткенін атап көрсеткен Фидан осында Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддинмен бас қосып, президент Имамали Рахманның қабылдауында болғанын, Рахманмен өте сәтті бір кездесу өткізгенін мәлімдеді.

Хакан Фидан кездесулерде өзара қарым-қатынастарға қоса, аймақтық мәселелердің де талқыланғанын атап «Иншалла наурыз айында Тәжікстан мен Қырғызстан шекаралық дауын ресми түрде аяқтайды. Олар аймақ үшін қауіпсіздік пен тұрақтылық тұрғысынан маңызды қадам басады» деді.

Кездесулерде Тәжікстанның Ауғанстанға қатысты көзқарастарының да бағаланғанын атап көрсеткен Фидан «Түркия ретінде аймақтағы елдермен ынтымақтастығымыз әсіресе тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан тығыз жалғасуда» деді.

Фидан Тәжікстанның да аймақтағы тұрақтылыққа мән беретініне назар аударып, өзара кездесулерде шекара қауіпсіздігі және терроризммен күрес мәселелерінің талқыланғанын білдірді.

Түрік және Тәжікстан қауіпсіздік бөлімшелерінің радикалды ұйымдарға қатысты ынтымақтасатындарын және осы аяда бір механизмнің бар екенін атап көрсеткен Хакан Фидан «Бұл механизмді одан әрі жалғастыру үшін ерік-жігер қалыптастырдық» деді.

Министр Фидан Тәжікстан президенті Имамали Рахманға президент Режеп Тайып Ердоғанның биыл Тәжікстанға ресми іс-сапар жоспарлағанын да атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар