Ердоған Ұлттық Барлау Ұйымының 97 жылдығында үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлттық Барлау Ұйымының 97 жылдығына арналған іс-шараға қатысты.

2087069
Ердоған Ұлттық Барлау Ұйымының 97 жылдығында үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің тыңшылық желісін әшкерелеген Ұлттық Барлау Ұйымының (ҰБҰ) Түркияны қорқытқандарға қажетті жауапты қайтаратындарын атап көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған ҰБҰ-ны орталық штаб пәтерінде 97 жылдығына арналған іс-шарада үн қатты.

Түркияның экономикалық, саяси және әскери тұрғыдан жаһандық күш бәсекесінің орталығында орналасқан бір аймақта қоныстанғанын атап көрсеткен Ердоған «Адамзаттың күн тәртібіндегі дағдарыстардың басым көпшілігі біздің еліміздің төңірегінде орын алады. Айналамыз отпен қоршалып жатқанда, әрі елімізді дамытуға, әрі мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Белгісіздік күшейген кезеңде біздің еліміз экономикалық, әскери, дипломатиялық және барлау салаларында табыстарымен даңқын шығаруда» деді.

Түркияның жаһандық аренада жоспарлаушы ретінде ықпалды күш ретіндегі тұғырын күннен-күнге нығайтып жатқанын тілге тиек еткен Ердоған «Үстелде және майданда мықты Түркия көзқарасымызды қазір барлық элементтерімен шындыққа айналдырудамыз. Мұны жалғыз біз айтып отырған жоқпыз, Еуропадан Азияға, Африкадан Америкаға дейін әлемнің әртүрлі құрлығында осы шындықты көптеген достымыз айтуда» деді.

«Біз Түркияға не қажет болса, ешкімнің айтқанына қарамастан жасауға ұмтыламыз. Біз дипломатияда да, әскери салада да ұлтымыздың мүддесін дер кезінде дұрыс қадамдар арқылы батыл қорғаймыз» деген Ердоған Сирия мен Ирактың солтүстігіне қарсы жүргізілген әскери операцияларды, Әзербайжанмен Қарабахты азат етуді, Ливияның заңды үкіметіне берілген қолдауды, Эгей теңізінен Қаратеңіз және Жерорта теңізінің шығысында «Мави» Отанды қорғауға деген ерік-жігерді соның мысалы ретінде көрсетуге болатынын білдірді.

Ердоған Израильдің тыңшылық желісін әшкерелеген Ұлттық Барлау Ұйымының (ҰБҰ) Түркияны қорқытқандарға өте нақты жауап қайтарғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар