Фидан мен Блинкен Стамбулда бас қосты

Министрлердің кездесуінде өзара қарым-қатынастар егжей-тегжейлі талқыланды.

2085169
Фидан мен Блинкен Стамбулда бас қосты

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге Түркияның «F-16» әскери ұшағын сатып алу процесінің нәтижеленуін күтіп жатқандарын білдірді.

Фидан және Блинкеннің Стамбулдағы Вахдеттин сарайындағы бас қосуымен байланысты дипломатиялық дереккөздердің мәліметіне қарағанда кездесу барысында екі ел қарым-қатынастары егжей-тегжейлі талқыланды.

Министр Фидан қонақ министрге Түркияның «F-16» әскери ұшағын сатып алу процесінің аяқталуын күтіп отырғанын айтып, Швецияның НАТО-ға мүшелік процесіне қатысты соңғы шешімнің Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне тиесілі екенін білдірді.

Екі министр Газа секторында жалғасып жатқан адамзаттық трагедияға да тоқталды.

Израильдің артып келе жатқан шабуылдаушы ұстанымының бүкіл аймаққа қауіп төндіргеніне назар аударған министр Фидан тез арада атысты тоқтату жариялануын және Газа секторына үзіліссіз гуманитарлық көмек жеткізу керектігіне назар аударып, екі мемлекеттің келісімі бойынша келіссөздерді тезірек бастауға шақырды.

Фидан Түркияның Қаратеңізде шиеленісті қаламайтынын атап, Ресей мен Украинада өндірілген азық-түлік өнімдерінің халықаралық нарыққа қауіпсіз түрде жеткізілуін қамтамасыз ету үшін Түркия ортаға қойған талпынысқа назар аударды.

Әңгіме барысында Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздерге қоса, Сирия мен Ирак сияқты аймақтық мәселелер де қарастырылды.



Ұқсас жаңалықтар