Ердоған Жаңа жылға орай жолдау жариялады

Ердоған әлемді әділетті және гүлденген болашаққа дайындау үшін барлық күш-жігерді қолдайтындарын білдірді.

2082554
Ердоған Жаңа жылға орай жолдау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған әлемді әділетті және гүлденген болашаққа дайындау үшін барлық күш-жігерді қолдайтындарын білдірді.

Президент Ердоған жаңа жылдық жолдауын бейнеконференция арқылы бөлісті.

Жолдауын «Жаңа күнтізбелік жыл елімізге, ұлтымызға, бүкіл адамзатқа жақсылық әкелтетініне сенемін» деген сөздермен бастаған Ердоған Газадағы жазықсыз бейбіт тұрғындардың қырғынына қарсы барлық елдердің ортақ ұстанымда болуы керектігін білдірді.

Барша адамзат үшін бұдан да әдемі, бейбіт және гүлденген болашаққа үміт артатындарын түсіндірген  Ердоған: «Осы үшін біз ең алдымен демократиялық және либералды елдердің қанды лаңкестік ұйымдарға қолдауын тоқтатқанын көруіміз керек. Бұған жету үшін ең алдымен Газадағы жазықсыз балалар мен әйелдердің өлтірілуіне қарсы барлық елдер мен мекемелердің ортақ ұстанымда екенін көруіміз керек. Сондықтан ең алдымен Ресей мен Украина соғыстарын ысырап ететін әрекеттерді тоқтату үшін әділ және шынайы күш-жігер жұмсалғанын көруіміз керек» деді.

Үміттерді ақиқатқа айналдыру үшін әлемдегі барлық елдердің, мекемелердің және жеке тұлғалардың ортақ құндылықтар мен қағидалар төңірегінде бірігуі керектігін атап көрсеткен Ердоған: «Біз әлемді әділетті және гүлденген болашаққа дайындауға бағытталған барлық күш-жігерді қолдаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар