Фахреттин Алтун Нетаньяхуға наразылық көрсетті

Алтун Израиль премьер-министрінің президент Ердоғанды нысанаға алған сөздерін сынға алды.

2081623
Фахреттин Алтун Нетаньяхуға наразылық көрсетті

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың президент Режеп Тайып Ердоған туралы мәлімдемесіне наразылық білдірді.

Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Нетаньяхудың «геноцид» туралы сөз сөйлейтін соңғы адам екенін айтып, «(Нетаньяху) Ол бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған әскери қылмыстарын «өзін-өзі қорғау үшін жасаймыз» деп әлемді сендірудің шебері болған. Әлем оны тоқтата алмаса да, тарих оны әскери қылмыскер ретінде бағалайды» деді.

Түркияның терроризммен күресі туралы сөйлейтін соңғы адамның Нетаньяху екенін атап көрсеткен Алтун «Террор ұйымы PKK және оның тармақтарына қарсы 40 жылдан астам уақыт бойы күресіп келеміз. Күрд азаматтарымыз Нетаньяху сияқты бейбіт тұрғындар мен балаларды қырғынға ұшыратқан PKK-ға қарсы тікелей күресті. Мораль туралы сөз қозғайтын соңғы адам - ​​Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың өзі. Террорлық операцияларды қалай жүргізу керектігі туралы ешкімге дәріс оқи алмайды, өйткені оның бұл салада тәжірибесі жоқ. Оның соңғы 40 жылда істеген ісі палестиналықтарды өз жерінен қуу. Енді Израиль армиясын пайдалана отырып бейбіт тұрғындарды үйлерінде, ауруханаларында және босқын лагерінде өлтіру арқылы бұл жағдайды жаңа деңгейге көтерді. Нетаньяху қоғамның назарын соғыс қылмыстарынан ауытқу үшін президентіміз Ердоғанға шабуыл жасау арқылы ешкімді алдай алмайды» деді.

Басқыншылық астындағы Палестинада не болып жатқанын әлемге атап көрсеткен Алтун Нетаньяхудың бейбіт тұрғындарды өлтіру және соғыс ауқымын кеңейту арқылы саяси мансабын құтқару үшін жасаған бейшара бастамаларының сәтсіздікке ұшырағанын баса айтты.

Президент Ердоғанның Нетаньяху әлемге қанша өтірік айтса да әділдік үшін күресуден бас тартпайтынын айтқан Алтун «Халықаралық қауымдастыққа тағы бір рет тез арада атысты тоқтатуға және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін келіссөздерге қол жеткізуге бағытталған күш-жігеріміздің айналасында бірігуге шақырамыз. Түркияға қарсы жасалған саяси шабуылдар мен жабылған жалаларға қарамастан, өз тарапымыздан жұмыс істеп жатырмыз және жасаймыз. Біз шындықты айтуды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар