Түркия-Ирак делегациялары жиналысының қорытынды мәлімдемесі

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнмен бас қосты.

2078729
Түркия-Ирак делегациялары жиналысының қорытынды мәлімдемесі

Түрік және Ирак делегациялары Ирак пен аймақтық өркендеуге үлес қосатыны болжалатын "Даму жолы жобасын" тез арада жүзеге асыру үшін басылатын қадамдарды талқылады.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнге қоса екі елдің жоғары лауазымды әскери және қауіпсіздік лауазымдыларының бас қала Анкарада өткен кездесулерінен кейін ортақ декларация жарияланды.

Екі ел делегацияларының террормен күрес, қауіпсіздік және су аймақтары мәселелерінен бастап, өзара және аймақтық тақырыптар бойынша жан-жақты кеңестер жүргізілгені атап көрсетілген декларацияда «Осы кездесулер нәтижесінде тараптар өзара қарым-қатынасты әр салада одан әрі дамытып, жан-жақты және институционалды түрде жүргізуге келісті. Өздерінің бұл бағыттағы күшті ортақ саяси ерік-жігерін ортаға қойды» делінді.

Ирактың «саяси бірлік, егемендік және аумақтық тұтастық үшін ортақ маңыздыққа» баса назар аударылғаны түсіндірілген декларацияда «Тараптар екі ел арасындағы қауіпсіздік ынтымақтастығы аясында PKK террор ұйымы тудырған қауіптер де талқылады» делінді.

Тараптардың аймақтық қауіпсіздік, тұрақтылық және өркендеу ортақ стратегиялық көзқарас аясында сауда, инвестиция, көлік және инфрақұрылым сияқты ынтымақтастық салаларындағы ілгерілеу арқылы мүмкін болатынын атап көрсетілген декларацияда «Осы аяда Ирак пен аймақтың дамуына үлес қосады деп есептелетін «Даму жолы жобасын» тез арада жүзеге асыру үшін басылатын қадамдар талқыланды. Тараптар климаттың өзгеруі және су мәселелері бойынша ортақ міндеттерді қолға алды және осы сын-қатерлермен күресу үшін құрылған «Бірлескен тұрақты комиссияның» жұмыстарын жалғастыруға келісті. Соңында Түркия Республикасы мен Ирак Республикасы осы мәселелер бойынша талқылау мен байланыстарды тұрақты және үздіксіз жалғастыруға шешім қабылдады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар