ДАИШ-тің Дамаск басшысына операция жасалды

ҰБҰ және Полиция бас дирекциясы үйлестірген операцияда Мерсинде ұсталды.

2078863
ДАИШ-тің Дамаск басшысына операция жасалды

Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) ДАИШ террор ұйымының Дамаск әкімшілік және қаржы жауапкері Хузейфе Әл-Муриді Мерсинде жасалған операция нәтижесінде ұстады.

Қауіпсіздік көздерінен алынған мәліметке қарағанда, қақтығыс аймақтарында ұйым мүшелеріне қаржылай көмек көрсетуді үйлестіруге бел буған ДАИШ-тің Дамаск әкімшілік және қаржы жауапкері «Эййюб» лақапты Хузейфе Әл-Муриге қарсы операция жүргізілді.

Мури ҰБҰ және Полиция бас дирекциясы үйлестірген операцияда Мерсинде ұсталды.

Операция барысында ұйымға тиесілі 28 мың 800 доллар, 14 мың 950 еуро, 31 мың 800 лира және көптеген цифрлық материалдар тәркіленіп, ДАИШ террор ұйымының ақша аударымдарында пайдаланған жылжымалы қосымшалар да тәркіленді.

Хузейфе Әл-Мури мәлімдемесінде ұйымға мүшелік процесі, Сирия және Түркиядағы жұмыстары, байланыста болған террор ұйымы ДАИШ мүшелері мен ақша аударымдары туралы толық ақпарат бергені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар