Ақ Үй Байден мен Ердоғанның сөйлескені туралы мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде «Президент Байден Түркия мен Грекия арасындағы соңғы сындарлы қадамдарды қолдайтынын білдірді» делінді.

2077048
Ақ Үй Байден мен Ердоғанның сөйлескені туралы мәлімдеме жасады

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) Ақ Үй Президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Джо Байден арасындағы кездесуде Газадағы соғыстың талқыланғанын және Байденнің Түркия мен Грекия арасындағы жақындасуды қолдайтынын білдірді.

Ақ Үй Президент Ердоған мен АҚШ Президенті Байден арасындағы телефон арқылы сөйлескеніне  байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге қарағанда екі лидер Израильдің шабуылдары жалғасып жатқан Газадағы соңғы жағдайды талқылап, аймаққа гуманитарлық көмекті арттыру және Газадағы бейбіт тұрғындарды қорғаудың маңыздылығы жөнінде келіскен.

Байден де Израильді қолдайтынын қайталады.

Әңгіме барысында НАТО Одақтасының күшті болуының маңыздылығы да атап өтілді және Байден Швецияның одаққа тез арада қосылуын күтетінін айтты.

Мәлімдемеде «Президент Байден Түркия мен Грекия арасындағы соңғы сындарлы қадамдарды қолдайтынын білдірді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар