Түркияға тағы 68 науқас әкелінді

Фахреттин Кожа Газадан Түркияға тағы 68 науқастың жеткізілгенін мәлімдеді.

2075921
Түркияға тағы 68 науқас әкелінді

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Газадан Түркияға тағы 68 науқастың жеткізілгенін мәлімдеді.

Кожа «Науқастың 37-сі сәби мен бала болса, 31-і ересектер. Оның 4-уі онкологиялық аурулар» деді.

Министр Кожа Мысырдың Ел Ариш әуежайынан Ұлттық Қорғаныс министрлігіне тиесілі ұшақпен Түркияға емделуге әкелінген газалық 68 науқас пен олардың  61 күтушісін  Этимесгут әуежайында қарсы алды.

Министр Кожа әкелінген науқастардың арасында Израильдің әуе шабуылдары кезінде жарақат алған және әлеуметтік желідегі суреттерімен танымал Ритал есімді қыздың да болғанын хабарлады.

Науқастардың Этлик және Билкент қалалық ауруханаларына жеткізілетінін айтқан Кожа сөзін былай жалғастырды: «Осы уақытқа дейін 114 науқас әкаелінді. Соңғы 68 науқаспен науқас саны 182-ге жетті».



Ұқсас жаңалықтар