Газадағы журналистердің жақындары Стамбулға жеткізілді

Түрік азаматтарының эвакуациясы жалғасуда.

2072542
Газадағы журналистердің жақындары Стамбулға жеткізілді

Израильдің шабуылдарына байланысты Газадан эвакуацияланған түрік 130 азамат пен жақындары Мысыр арқылы Стамбулға жеткізілді.

Рафах шекара бекетінен Мысырға өткен түрік азаматтарын әкелген Түрік Әуе жолдарының ұшағы Стамбул әуежайына келіп қонды.

Азаматтарды әуежайда Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мен Апат және төтенше жағдай басқармасы AFAD лауазым иелері қарсы алды. Төлқұжат тексергеннен кейін азаматтардың кейбірі өздеріне берілген көлікпен үйлеріне кетті.  Басқа қалаларға кететін азаматтар қонақүйге орналастырылды.

Израиль шабуылдары барысында 4 баласы мен 3 бауырынан айрылып қалған Анадолы агенттігінің операторы Мұхаммед әл Алул мен жарақат алған жұбайы және бір баласы да Стамбулға келді.

Айрықша АА-ның Газа кеңсесінде жұмыс істейтін журналистердің отбасылары да Стамбулға жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар