Өмер Челик Нетаньяху үкіметінің қырғынына тоқталды

Өмер Челик Әділет және даму партиясының Орталық Атқару Кеңесі жиналысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

2069887
Өмер Челик Нетаньяху үкіметінің қырғынына тоқталды

Әділет және даму партиясы баспасөз хатшысы Өмер Челик нацистердің еврейлерге жасаған геноцидіне ұқсас геноцидті Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху палестиналықтарға жасағанын айтты.

Өмер Челик Әділет және даму партиясының Орталық Атқару Кеңесі жиналысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

Газадағы Холокост пен қырғындарды көрсететін фотосуреттер алдында баспасөз мәслихатын өткізген Челик жазықсыз еврейлерге жасалған геноцид фотосуреттері мен Нетаньяху үкіметінің Газадағы жазықсыз халыққа жасаған геноцидінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ екеніне назар аударды.

Атысты тоқтатуға шақырулардың болғанын еске салған Өмер Челик Нетаньяху әкімшілігінің мұны гуманитарлық мәселе емес, соғыстың тактикалық кезеңі ретінде көретінін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар