Ердоған Педро Санчеспен сөйлесті

Ердоған Испания премьер-министрі Педро Санчеспен телефон арқылы сөйлесті.

2069557
Ердоған Педро Санчеспен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Испания премьер-министрі Педро Санчеспен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Израильдің палестиналықтарға қарсы шабуылдары, гуманитарлық көмектің Газаға үздіксіз жетуі үшін басылатын қадамдар, атысты уақытша тоқтату және түбегейлі бейбітшілік үшін талпыныстар талқыланды.

Әңгіме барасында Испания үкіметінің Израильдің палестиналықтарға қарсы заңсыз шабуылдары жайлы ұстанымы мен Палестинаны мойындауға қатысты мәлімдемелерінің құнды екенін түсіндірген Ердоған Түркияның аймақта түбегейлі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кепілгер ретінде де барлық жауапкершілікті алуға дайын екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар