PKK-лық 2 террорист берілді

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігінде PKK-лық 2 террористің берілгенін мәлімдеді.

2066046
PKK-лық 2 террорист берілді

Ирактың солтүстігіндегі баспаналардан қашқан бөлшектеуші террор ұйымы мүшесі PKK-лық екі террорист Хабур шекара қақпасында қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Пенче-Килит операциясымен індеріне кірген террор ұйымы PKK-дан қашулар жалғасуда. Ирактың солтүстігіндегі лагерден қашқан PKK-лық 2 террорист Хабурдағы шекара қақпасындағы бекетімізге берілді. Террористтер үшін жалғыз шығу жолы түрік әділетіне берілу» деді.

Министрліктен жасалған екінші бір мәлімдемеде болса Сирияның солтүстігіндегі «Зәйтүн бұтағы» аймағында шабуылға дайындалған PKK/YPG-лік 4 террорист залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар