Түркия мен Грекия жиналысы басталды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2063834
Түркия мен Грекия жиналысы басталды

Түркия мен Грекия арасындағы «Әскери сенім арттыру шаралары жиналысыі» бас қала Анкарада Ұлттық Қорғаныс министрлігінде (ҰҚМ) басталды.

Министрліктің әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеде Түркия мен Грекия арасындағы 4-ші Әскери сенім арттыру шаралары жиналысының Ұлттық Қорғаныс министрлігінде басталғаны атап көрсетілді.

Кездесуге екі елдің қорғаныс министрлігі өкілдеріне қоса, азаматтық басшылардың да қатысқаны білдірілді.

2 жылдан кейін бас қосқан екі ел делегациялары Эгей теңізінде басылатын қадамдарды талқылайды.



Ұқсас жаңалықтар