Ұлы көсем Ататүрікті құрметпен еске аламыз

Бүгін ұлы көшбасшы Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің өмірден озуына 85 жыл толды.

2062992
Ұлы көсем Ататүрікті құрметпен еске аламыз

Әскери және саяси кемеңгерлігімен есімін түрік және әлем тарихына алтын әріппен қалдырған Мұстафа Кемал Ататүрік 1938 жылы 10 қараша күні сағат 09.05-те Стамбул Долмабахче сарайында дүниеден озды.

Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікті дүниеден озуының 85 жылдығы ел көлемінде, Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) және шетелдегі өкілеттіктерде салтанатты іс-шаралармен еске алынды.

Іс-шаралар аясында мемлекет басшылары бас қала Анкарада Ататүрік жерленген Анытқабірге барды. Президент Режеп Тайып Ердоған бастаған делегация Ататүріктің кесенесіне гүл шоғын қойды.

Анытқабір арнайы кітапшасына қолын қойған Ердоған «Әзіз Ататүрік, дүниеден озғаныңызға 85 жыл толған бұл күні сізді, достарыңызды, еліміз үшін жанын берген батыр шейіттеріміз және бірдей мақсат үшін қанын төккен ардагерлерімізді тағы бір рет еске аламыз. Түркияның өркендеуіне, «Түркия ғасырын» құруға және ұлтымыз алға қойған ғасырлық мақсаттарға жетуге ешбір күш кедергі жасай алмайды» деп жазды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Анытқабірде өтетін мемлекеттік рәсімге және Президенттік кешендегі еске алу бағдарламасына қатысады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Түркия Республикасының негізін қалаушы Гази Мұстафа Кемал Ататүрік дүниеден озуының 85 жылдығына орай жолдауын жариялады.

Куртулмуш әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған хабарламасында «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің тұңғыш төрағасы, республикамыздың негізін қалаушы Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті дүниеден озуының 85 жылдығына орай құрметпен еске аламыз. Рухы жаннатта болсын. Сүйікті еліміз үшін жанын берген барша шейіттеріміз бен өмірден озған ардагерлеріміздің мәртебелері биік, жатқан жері жайлы болсын» деді.

Вице-президент Джевдет Йылмаз да әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Ататүрікті құрметпен еске алды. Джевдет Йылмаз Отан қорғау жолында жанын пида еткен шейіттер мен ардагерлердің барлығына алғысын  айтқанын білдірді.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан да хабарламасында «Осы мүмкіндікті пайдаланып, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін күшейтуде табандылығымызды сыртқы саясатымызбен нығайтуға жігерлі екенімізді тағы бір рет айта отырып, Ұлтазаттық соғыстың бүкіл батырларын, әсіресе Гази Мұстафа Кемалды Алланы рақымы және алғыспен еске аламын» деді.

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында Ататүрікті құрмет және ризашылықпен еске алғанын атап, «Осы жерлерді біздерге отан қылған барлық батырларымызды еске аламын» деді.

Дін істері басқармасы Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті қайтыс болуының 85 жылдығына орай еске алды.

Президенттік аппарат «10 қараша Ататүрікті еске алу күніне» орай жариялаған хабарламасында 100 жылдық мерейтойға қол жеткізген Республиканың негізін қалаушы Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің құрмет және алғыспен еске алынғаны атап көрсетілді.

Еске алу хабарламасында «Үлкен пидақорлықпен бізге аманат етілген Отанымыз және құндылықтарымызды күшейте отырып болашаққа жеткізу батыр бабаларымыз бен даңқты тарихымызға адалдық парызымыз деп білеміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар