Президент Ердоған Ташкенттегі ЭЫҰ саммитінде көшбасшыларға үн қатты

Ердоған: "Мұсылмандар болып, қазір дауысымыз шықпаса, қашан дауысымызды көтереміз?".

2062663
Президент Ердоған Ташкенттегі ЭЫҰ саммитінде көшбасшыларға үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Газа секторында атысты тоқтату үшін дипломатиялық бастамаларын жалғастыратынын мәлімдеді.

Президент Ердоған Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте ұйымдастырылған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 16-шы Көшбасшылар саммитінде сөйлеген сөзінде Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарына тоқталды.

Израиль тарапынан жауыздықпен өлтірілген 11 мыңға жуық газалықтың 73 пайызының әйелдер мен балалар екенін атап көрсеткен Ердоған «Батыстық елдердің толық қолдауына ие болған Израиль әкімшілігі адамзаттың барлық құндылығын таптап мектептерді, мешіттерді, шіркеулерді, ауруханалар мен университеттерді бомбалауды жалғастыруда. Үнемі адам құқықтары мен бостандығын, демократияны айтып жүретін батыстық елдер Израильдің осы қырғынын алыстан бақылап отыр.

Түркияның гуманитарлық атысты тоқтатуды қамтамасыз ету және қақтығыстардың таралуына жол бермеу үшін дипломатиялық бастамаларын жалғастыратынын атап көрсеткен Ердоған «Біз де аймаққа гуманитарлық көмек жеткізу бойынша қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінге дейін мысырлық бауырларымыздың қолдауымен Әл-Ариш әуежайына салмағы 230 тоннадан асатын 10 ұшақ гуманитарлық көмек жөнелттік. Өңірге 2 азаматтық гуманитарлық жәрдем кемесін жіберуге дайындығымыз жалғасуда» деді.

Президент сондай-ақ 15 қараша күні Стамбулда мемлекет және үкімет басшыларының жұбайларының қатысуымен халықаралық кездесу өтетінін мәлімдеп, «Осылайша, газалық бауырларымыздың қасіретін жеңілдету үшін күшті ынтымақ көрсетіледі» деді.

Президент олардың ЭЫҰ ретінде ұстанатын ұстанымы қантөгісті тоқтату үшін өте маңызды екенін атап «Естеріңізде болса (2016 жылы, Францияда) "Шарли Эбдо" журналына шабуыл кезінде 25 адам қаза тапты. Әлем көшбасшылары Парижде бірге шеруге шықты. Дәл қазір 11 мың бала мен әйел қырылды, әлем үнсіз. Біріншіден АҚШ мен батыстық елдердің бәрі үнсіз. /.../ Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымында әсіресе мұсылмандар болып, қазір дауысымыз шықпаса, қашан дауысымызды көтереміз?» деді.



Ұқсас жаңалықтар